ШЫМКЕНТ: «Қазпошта» бөлімшелерінің біріне қарақшылар шабуыл жасады

0
1 126

Оқиға 2019 жылдың 3 қазанында орын алған.


ШЫМКЕНТ: «Қазпошта» бөлімшелерінің біріне қарақшылар шабуыл жасады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы «Қазпошта» бөлімшелерінің біріне қаскүнемде шабуыл жасаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған оқиға 2019 жылдың 3 қазанында түскі уақытта орын алған. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.


Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, Шымкент қаласының пошта бөлімшелерінің бірінде жасалған қарақшылық шабуыл жайты бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабымен «Қарақшылық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

«Қазіргі уақытта қаскүнемдердің жеке басын анықтау және оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.


Айта кетейік, қарақшылардың қанша екені және қанша қаржыны жымқырғаны жөнінде ресми ақпарат әлі айтылған жоқ.