Шымкент халқы корей тілін еркін меңгеретін болды

0
2 138

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде корей тілін оқытатын арнайы оқу орталығы ашылды


Шымкент халқы корей тілін еркін меңгеретін болды

ERNUR.KZ. Шымкенттің халқы енді корей тілін еркін меңгереді. Осыған орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде арнайы оқу орталығы ашылды, деп жазады 24.kz.

«Седжонг» деп аталатын білім ұйымының ашылу салтанатына Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик мырза қатысты.

Бұл орталықта тек Кореядан келген педагогтар жұмыс істейді. Дәріс беріп, кәріс тілін үйретіп, мәдениеті мен дәстүрін дәріптейді. Жаңа жобаны Корея мемлекеті қаржыландырмақ.

Ким Дэсик, Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі: Оқу мерзімі 1 жылды құрайды. Түлектің қолына тіл меңгергенін растайтын құжат беріледі. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенттері үшін мұнда білім алу – тегін. Ал өзге де тіл үйренуге құлықты қала тұрғындары мен қонақтары үшін ақылы. Бірақ бағасы қымбат емес, тиісті талапқа сай, қалтаға қонымды болмақ.