ШЫМКЕНТ: ХҚКО жұмысы интернет толық қалпына келген соң басталады

0
360

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кеңселері тұрғындарды қаңтардың онынан бастап қабылдамақ.


ШЫМКЕНТ: ХҚКО жұмысы интернет толық қалпына келген соң басталады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

«Халыққа арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәлімдеуінше, Шымкент қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) интернет байланыс толық қалпына келген кезде жұмысын бастайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Халыққа арналған үкімет» МК Шымкент қалалық филиалының өкілдері баяндағандай, ХҚКО қызметі тікелей интернетке тәуелді, өйткені тек ғаламтор арқылы ғана ақпараттық жүйелердің өзара байланысы қамтамасыз етіледі.
Өз кезегінде шаһардағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кеңселері тұрғындарды қаңтардың онынан бастап қабылдамақ.