ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көлік бағыттары кезең-кезеңімен жаңа автобустармен толығып жатыр

0
725

Қазіргі таңда 26 бағыт жаңа автобустармен қызмет көрсетуде.


ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көлік бағыттары кезең-кезеңімен жаңа автобустармен толығып жатыр

Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту, жолаушылар тасымалдау қызметі сапасын арттыру бағытында жүйелі іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қоғамдық көлік бағыттары кезең-кезеңімен жаңа автобустармен толығып, жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.

Осы жұмыстардың барысын қадағалау мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов БАҚ өкілдерімен бірлесе қоғамдық көліктердің аралық интервалын, қызмет көрсету сапасын бірлесе бақылады.

Қазіргі таңда қоғамдық көлік компаниялары бәсекеге қабілетті болуы керек. Қызмет көрсету сапасы жолаушылардың көңілінен шықпаған жағдайда көлік компанияларымен келісімшарт бұзылады.

Бүгіннен бастап қала тұрғындарына 26 бағыт жаңа автобустармен қызмет көрсетуде. Тасымалдаушы көлік компаниясы өз есебінен кең сиымдылықты, Yutong маркалы жаңа 10 автобусты желіге шығарды. Аталған бағыт Барыс базары мен Фосфор ауруханасы аралығында қызмет көрсетеді. Қала тұрғындары тарапынан әлеуметтік желілерге және lKomek ситуациялық орталығына №26 бағыттың аралық интервалына және автобустарының ескілігіне шағымдар жасалған болатын.

Осы шағымдарды ескере отырып, №26 маршрутта қызмет көрсеткен «МАN Оңтүстік» тасымалдаушы компаниясымен арадағы келісімшарт біржақтама бұзылды. Қазіргі уақытта маршрутта жаңа, Yutong маркалы, кең сиымдылықты 10 автобуспен (демалыс күндері -8) «Shymkent Bus» тасымалдаушы компаниясы өз есебінен қызмет көрсетуде.

Қала әкімінің Абай ауданына қарасты Қазығұрт, Құрсай және Агроферма шағынауданының тұрғындарымен кездесуінде 34 бағыттың аралық интервалына және олардың ескілігіне шағымдар айтылған болатын. Осыған байланысты 1 мамырдан бастап аталмыш бағытта тасымалдаушы көлік компаниясы 12 автобуспен жолаушыларды тасымалдауда. Қозғалыс сызбасы Қазығұрт шағынауданы мен Клара Цеткин көшесі аралығында ұйымдастырылған.