Аталған шара барысында кездесуге қатысты көпбалалы аналардың пікірі тыңдалды.
Тұрғындармен сындарлы сұхбат құру және ақпараттандыру шаралары арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен қолға алынған жобалармен таныстыру мақсатында Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкері Ж.Әлжанова «Шаңырақ» отбасы инситутының көпбалалы аналармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кездесу барысында департамент өкілі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы негізгі басымдықтардың бірі превенция, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылатындығын жеткізді. Осы бағытта әр салада түрлі жобалар, мәселен білім саласында «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», кәсіпкерлік саласында «Бизнес пен инвесторларды қорғау» және тағы да басқа жобаларға кеңінен тоқталып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күрестегі «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысынан хабардар етті.
Пара алушымен қатар, пара берушілердің жауапкершілігі қаралатыны жайында ақпарат беріп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Департаментке немесе Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласып, жемқорлықпен күресте белсенділік танытуға шақырылды.
Парасаттылық құндылықтарына тоқталған Жазира Әлжанова отбасы тәрбиесі бойынша көпбалалы аналардың пікірлерін біліп, бала ата-анасына, ортасына қарап өсетіндігін алға тартып, алдымен әркім өзін тәрбиелеу қажеттігін айтты.
Аталған шара барысында кездесуге қатысты көпбалалы аналардың пікірі тыңдалды.