ШЫМКЕНТ: Коронавирусқа шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шықты

0
473

24 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5165, оның ішінде 2635 - симптомды, 2530 - симптомсыз.


ШЫМКЕНТ: Коронавирусқа шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шықты

иллюстрациялық фото

Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Бүгінге дейін инфекция жұқтырған 4379 науқас дертінен айықты. Олардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан 732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастыруда» - дейді Т.Варзилов.
24 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5165, оның ішінде 2635 - симптомды, 2530 - симптомсыз.