ШЫМКЕНТ: «Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілді

0
731

Жобаға 50 жасқа толған азаматтар 3 жылға дейін қатыса алады.


ШЫМКЕНТ: «Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілді

«Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұмыспен қамту саласында жаңа жылдан бастап орын алған өзгерістің бірі - «Күміс жас» жобасына қатысты. Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуды көздейтін жоба қатысушыларының контингенті мен қатысу кезеңі ұлғайды. Енді, «Күміс жас» жобасына 50 жасқа толған азаматтар 3 жылға дейін қатыса алады.
Белгілі бір себептермен жұмысынан айырылған аға буын өкілдеріне бірден жұмыс табу мәселесі қиын екені рас. Жоба осындай жұмыссыздарға зейнетке шыққанға дейін табыс табуына көмектеседі.
Бұрын, 58 жастан бастап жұмыстың ұзақтығы 12 айды құраған болса, енді биылдан бастап бұл талаптар 50 жастан және жұмыс мерзімі 36 айға (3 жыл) созылып отыр.
Жоба қатысушыларының айлық жалақысының бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.
Субсидиялар мөлшері төмендегідей:
- Жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын);
- Жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын);
- Жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.
Жобаға қатысушы Шымкент қаласының тұрғындары өз тұрғылықты мекен-жайлары бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіне алады.
1. Әл-Фараби ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы 201;
2. Абай ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Ұ. Арғынбеков 243/3;
3. Еңбекші ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы 3/2;
4. Қаратау ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: «Нұрсат» мөлтек ауданы, С.Бәйтереков 89.