ШЫМКЕНТ: Мәслихат депутаты аудан әкімінің алдына жарты сағаттап кіре алмайтынын айтты

0
1 863


ШЫМКЕНТ: Мәслихат депутаты аудан әкімінің алдына жарты сағаттап кіре алмайтынын айтты

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясовтың халық алдындағы есебінде осы аймақтан сайланған шаһар мәслихатының депутаты Еркін Сатқанбаев, жарыссөзге шығып аудан әкімінің алдына кіру оңай емес екенін жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


«Биылғы жылы Еңбекші ауданының әкіміне 2 рет барғанмын. Алдында бір 20-30 минуттай кіре алмай отырдым. Сөйтсем, кезекте 3 кемпір, 4 шал отыр екен. Одан кейін барып кірдім. Сөйтсем барлығының егжей-тегжей жағдайын сұрап, не шаруасы бар, не мәселесі бар? Соның барлығын қасында мамандары бар, шешіп жатыр екен», - дейді Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Еркін Тұрниязұлы.



Мұнан кейін, Еңбекші ауданындағы Зелённая балка, Привокзалная шағын аудандарындағы мәселелердің көп екенін айта келіп, Ғалымжан Ілиясовтың атқарған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, оң бағасын берді.