Шымкент: Медициналық мекемелерде QR код жүйесі іске қосылды

0
1 734

QR-код қосымшасы арқылы науқастар дәрігердің қабылдауына жазылып, медицина маманын үйіне шақыруына болады.


Шымкент: Медициналық мекемелерде QR код жүйесі іске қосылды

Шымкент қаласында медицина саласын цифрлық технологияға көшіру жұмыстары қарқын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде қаладағы 33 мемлекеттік медициналық мекемеде QR код жүйесі іске қосылды. Жаңа технология арқылы дәрігерлер жайлы деректер, жұмыс кестесі, еңбек өтілі және науқастардың пікірлерін білуге мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама уақытты үнемдеу, қашықтықтан құжат алмасу, жұмысты автоматтандыруға септігін тигізеді.
QR-код қосымшасы арқылы науқастар дәрігердің қабылдауына жазылып, медицина маманын үйіне шақыруына болады. Ең маңыздысы – ұсыныстар, арыз-шағым мен талаптар қалдыруға да жағдай жасалған.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жаңа жобаны әрбір медициналық мекемеде іске қосу жоспарланып отыр, Цифрландыру арқылы медицина саласының, жалпы емханалардың, дәрігерлердің жұмыс сапасы айқындала түспек.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, пилоттық жоба ретінде екі мекеме (қалалық №5 және №3 емхана) 2021 жылдың басынан «Ақылды емхана» жүйесіне көшеді.