ШЫМКЕНТ: Мектепке генерал Сабыр Рақымовтың есімі берілді

0
1 543

85 жылдан аса тарихы бар оқу ордасында 2200 оқушы білім алып, 200-ден аса мұғалім қызмет етеді.


ШЫМКЕНТ: Мектепке генерал Сабыр Рақымовтың есімі берілді

Шымкент қаласының №53 жалпы орта мектебіне генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың есімін беру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты жиын Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алудан басталды. Одан кейін соғыс ардагерлері сөз сөйлеп, жеңістің тарихын, генерал Сабыр Рақымовтың ерлігін оқушыларға баяндап берді. Іс-шараның соңы Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына арналған мерекелік концертке ұласты.
№53 жалпы орта мектебі 1936 жылы пайдалануға берілген. Ол кездегі Сталин атындағы орта мектепке 1955 жылы Хамза есімі берілген. 85 жылдан аса тарихы бар оқу ордасында 2200 оқушы білім алып, 200-ден аса мұғалім қызмет етеді. Мектеп қазақ, өзбек тілдерінде екі аусымда білім береді.
2020 жылы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұлыларды ұлықтайық» жобасы аясында Сабыр Рақымов пен Сағадат Нұрмағамбетовтың атына көше мектеп беру мәселесі қаралды. Жергілікті атқарушы органдар мен Шымкент қалалық департаментің қолдауымен Ұлы Отан соғысының батырларына көше, мектеп атаулары берілді.

Айта кетейік, Кеңес Одағының Батырына арналған «Генерал Рахымов» атты көркем фильм түсірілген. Данқты генералға Өзбекстан, Польша елдерінде ескерткіш қойылып, мектеп, көшелерге есімі берілген. Ал Шымкент қаласындағы «Жеңіс» саябағына батырдың құрметіне ескерткіш қойылған.