Шымкент мектептеріндегі тәртіп бұзушылық қалай азайғаны анықталды

0
1 861

Цифрландыру жобалары арқылы оқушылардың оқу үлгерімі едәуір жақсарып, білім саласындағы сыбайластық тәуекелдер азайғаны анықталып отыр.


Шымкент мектептеріндегі тәртіп бұзушылық қалай азайғаны анықталды

ERNUR.KZ. Шымкентте оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылық 75%-ға қалай азайғаны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттегі 128 мектептің барлығында "Күнделік" электронды журналы мен күнделік жүйесі енгізілуі нәтижесінде қаладағы оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылық деңгейі 75%-ға азайған.

Айта кетейік, мобильді қосымшаны енгізу «мектеп – ата-ана – оқушы» байланысын түзіп, ата-аналардың бақылауын күшейтуге, олардың сабақ процесіне белсене араласуына мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде оқушылардың мектепке себепсіз келмеуі мен сабаққа себепсіз қатыспауы 10 есе азайып,балалар арасындағы құқық бұзушылық 75%-ға, жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық 12%-ға кеміген.

Сонымен қатар, білім беру саласын цифрландырудың тағы бір жобасы – мұғалімдерді автоматты түрде қабылдау жүйесі. Осы уақытқа дейін педагогикалық лауазымдардан үміткерлер (педагогикалық жоғарғы оқу орындарының түлектерін қоса алғанда) әр мектептегі бос орынды бөлек іздеп келсе, бұл жүйені енгізудің нәтижесінде олар веб-сайтқа онлайн-өтініш беріп қана қоймай, ашық конкурстан өту мүмкіндігіне ие болды. Соның нәтижесінде арыз-шағымдар 90%-ға кеміп, педагогикалық құрамның сапасы жақсара түскен.

Атап айтатын жағдай, цифрландыру жобалары арқылы оқушылардың оқу үлгерімі едәуір жақсарып, білім саласындағы сыбайластық тәуекелдер азайғаны анықталып отыр.