ШЫМКЕНТ: Мемлекетке 46 млн. тенгеден астам қарызы бар борышкер бір жылдық іздеуден кейін ұсталды

0
1 048

Мемлекеттік сот орындаушылар бұл азаматқа 2018 жылдың қыркүйек айында іздеу жариялаған.


ШЫМКЕНТ: Мемлекетке 46 млн. тенгеден астам қарызы бар борышкер бір жылдық  іздеуден кейін ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бір жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген борышкерді Шымкенттің прокурорлары анықтаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Атап айтсақ, мемлекет алдында 46 млн. тенгеден астам қарызы бар «О» есімді борышкерге 2018 жылдың қыркүйек айында іздеу жарияланған. Алайда, атқарушылық іс-әрекеттер борышкердің іздеуде жүргендігіне байланысты тоқтатылған. Сондай-ақ, бір жылдан аса уақыт өтсе де борышкердің жүрген жерін не сот орындаушылары, не көші-қон полиция қызметкерлері анықтай алмаған.


Іздеу нәтижесінде, қала прокуратурасы ақпараттық жүйелер мен әлеуметтік желілер арқылы борышкер «О» жүрген жерін анықтап, бірден сот орындаушыларға жеткізген. Сонымен қатар, келесі күні борышкерге қатысты сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік іс-өндірісі қозғалып, қосымша 12 625 тенге көлемінде айыппұл салынды.

Ал, сот шешімінің әрі қарай орындалуы бақылауда болады.