Шымкент: Мемлекеттік кірістер органдарында бірыңғай байланыс орталықтары құрылды

0
1 055

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көпшілігін электронды тәсілмен алуға болады.


Шымкент: Мемлекеттік кірістер органдарында бірыңғай байланыс орталықтары құрылды

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына салық салу және кедендік төлемдер туралы туындаған сұрақтар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажетілігі жоқ екендігін хабарлай отырып, әр аумақтық Мемлекеттік кірістер органдарында бірыңғай байланыс орталықтары құрылғандығын жеткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

-Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде;
-Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында;
-Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында;
-Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында;
-Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында;
Кедендік бекеттерінде:
-«Шымкент-кедендік ресімдеу орталығында»;
-«Әуежай-Шымкент»;
-«АЭА Оңтүстік», барлық туындаған сұрақтарға жұмыс күндері сағат 9-00 ден 18-30 дейін байланыс телефондары арқылы жауап алуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көпшілігін электронды тәсілмен алуға болатындығын хабарлаймыз.
Сондай-ақ, 2019 жылға арналған салық нысандарын тапсыру мерзімі 30 күнтізбелік күнге ұзартылады, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін, бірақ электрондық түрде ұсынылған жағдайда. Бұл ұзартулар 2019 жылға арналған салық нысандарына - 100.00, 110.00, 150.00, 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 860.00, 870.00, 871.00, 920.00 қатысты қолданылады.

Сонымен қатар салық төлеушілерден ұзарту туралы қосымша өтініштер мен хабарламалар жолдауды талап етпейді.
Салық және кедендік заңнамалары бойынша ақпараттарды Департаменттің интернет-ресурстарында (http://shymkent.kgd.gov.kz, Твиттер, Фейсбук, ВК, Инстаграмм -акаунт dgd.shymkent) алуға мүмкіндік бар.
Ал, салық төлеушілер тарапынан, бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерімен берілген жауап мәліметтерге қанағаттанбаған жағдайда, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 35-33-83 байланыс телефонына хабарласуларыңызға болады.