ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік органдардың өкілдері бірлескен қабылдау өткізді

0
657

Қабылдау барысында жер қатынастары, білім беру, тұрғын үй, мемлекеттік қызметтер, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер және құқықтық тәртібі мәселелері сөз болды.


ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік органдардың өкілдері бірлескен қабылдау өткізді

Шымкент қалалық ХҚО базасында 20-дан астам мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды қабылдап, кеңес берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдау барысында халықтың ең көп сұрақтары жер қатынастары, білім беру, тұрғын үй, мемлекеттік қызметтер, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер және құқықтық тәртібі мәселелеріне қатысты болды.

Сонымен, жиі қойылатын сұрақтардың бірі ұзақ мерзімді жер пайдалануға алынған жерлерді қайтару болды. Көбінесе кейбір азаматтар жалға алып, жерді игеруді жалғастыра алмайды немесе жоспарлары өзгереді.

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы осындай жағдайларда жалдау шартын бұзу мәселесі бойынша басқармаға өтінішпен жүгіну қажеттігін түсіндірді. Өтініш негізінде басқарма тиісті органдарда мемлекеттік тіркеуге жататын жер учаскесін жалдау шартын бұзу туралы келісім дайындайтын болады.

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Шаяхметов көшесі 73/2 мекенжайында орналасқан.

Сондай-ақ, өтінішті eOtinish.kz электронды өтініштер порталы арқылы жолдауға болады (ЭЦҚ қажет).

Айта кетейік, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету мақсатында қолға алынған «Адал көмек» жобасы енді офлайн форматта жүзеге асырылуда. Бастамашысы ретінде танылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен әр бейсенбіде «Аntikor ortalyǵy» алаңында түрлі сала өкілдерімен өткізілуде.

«Адал Көмек» жобасы аясында айына 2 рет тұрғындарға түрлі мемлекеттік органдармен негізінен халықтың проблемалары туындайтын әлеуметтік нысандарда қабылдау және кеңес беру жүргізіледі.

«Адал көмек» жобасының мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету.