ШЫМКЕНТ: Мұғалімнен айқай естіген оқушы ауырып қалған

0
1 323

28-і ақпан күні Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы 1 ші мектеп-гимназияда 6 шысынып оқушысы пән мұғалімінің айқайынан соң жедел жәрдем арқылы ауруханаға жеткізілген болатын. Осыған орай, қалалық білім басқармасының басшысы мәлімдеме жасады.


ШЫМКЕНТ: Мұғалімнен айқай естіген оқушы ауырып қалған

Иллюстрияциялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзінен алынды

Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы N1 мектеп-гимназиясында орын алған келеңсіз жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"6 сынып оқушысы А. Досымбековке қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ирбаева Н. үй тапсырмасын қате орындағаны үшін дауыс көтеріп, қателігін түзеу туралы ескерткен. Мектеп медбикесі Абдукаримова Ш. Алиханның дене қызуын, қан қысымын және жүрек соғуын тексеріп көмек көрсеткен. Жедел жәрдем қызметі ауруханаға апарып, "Анықталмаған асқынған бронхит (острый бронхит неуточненный) диагнозын қойып, оқушыны үйіне жіберген. Бүгінде басқарма тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша алдағы уақытта заң шеңберінде шара қолданылатын болады", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан.


Еске салайық, ақпанның 28-і күні Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы 1 ші мектеп-гимназияда 6 шысынып оқушысы пән мұғалімінің айқайынан соң жедел жәрдем арқылы ауруханаға жеткізілді деген ақпарат тараған болатын. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң бала үйіне қайтқан көрінеді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде де қызу талқыға салынған болатын. Енді оқиғаның ақ қарасы анықталып жатыр.