ШЫМКЕНТ: ​"Ордабасы" инлустриялық аймағында өрт толық сөндірілді

0
620

Өрт 19:16-да оқшауланып, келесі күні сағат 05:30-да толығымен сөндірілді.


ШЫМКЕНТ: ​

«Ордабасы» индустриялық аймағында 1200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ


Жалын толық сөндірілгенше оқиға орнында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің басшылығыммен жедел штаб ұйымдастырылды.


Өрт 19:16-да оқшауланып, келесі күні сағат 05:30-да толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда шығу себебі анықталып жатыр. Тілсіз жаумен күресуе жалпы саны 700-ден астам адам, 129 бірлік техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Бұдан бөлек Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері де көмек көрсетті.

Мамандар әлі оқиға орнында. Қажет болған жағдайда ықтимал зардаптың алдын алу және толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.