Оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 19 мамыр күнге КВИ-дің 109 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Олардың ішінде белгілері бар 52 болса, 57-нің белгілері жоқ. 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 90 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1406 орын бар. Төсек орын толымдығы 43%-ды құрайды, 798 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 608 науқас емделуде (КВИ-282, пневмония- 322, ЖРВИ- 4), жансақтау бөлімінде - 35(4 - ИВЛ,31- НИВЛ).
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 409 553, тәулігіне 2 094.
Бір тәулік ішінде қалада 2459 адам вакцина алды(I компонент-1 310, II компонент- 1149). Егу науқаны басталғалы барлығы 166370 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 69905 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 24 мобильдік топ 19 мамыр күні 478 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.