ШЫМКЕНТ: Өткен жылы 65 мыңнан астам адам зейнетақыға өтініш берген

0
575

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Өткен жылы 65 мыңнан астам адам зейнетақыға өтініш берген
2022 жылы 65 мыңнан астам шымкенттік жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтініш берген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері мәлімдеді.
Зейнетақы, оның ішінде базалық және БЖЗҚ төлемдері мемлекеттік корпорацияға жүгінген күннен бастап тағайындалады. Өтінішті және барлық қажетті құжаттарды тіркеу өтініш берілген күннен бастап саналады.
Зейнетақы төлемдерін тіркеу үшін келесі құжаттар қажет:
- жеке күәлік,
- өтініш берушінің жұмыс өтілін растайтын құжаттар.
- Кей жағдайда қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін: білім туралы диплом, әскери билет, неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері, «қандас» мәртебесін растайтын құжат және т.б.
Мамандар зейнетақыны рәсімдеу үшін зейнеткерлік жастың толуына 10 күн қалғанда ХҚКО-ға хабарласуға кеңес береді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 87 мыңнан астам зейнеткер тұрады. 2023 жылдан бастап ер адамдар зейнеткерлікке 63 жаста, ал әйелдер 61 жастан бастап шыға алады. Сондай-ақ, Шымкентте зейнеткерлерге арналған «Асыл жүрек» әлеуметтік – медициналық орталығы қызмет көрсетеді. Аталған орын егда жастағы адамдарға күндізгі уақытта 4 сағат тегін арнаулы әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсетеді.

Әлеуметтік – медициналық орталықта емдік денешынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қарастырылған. Күн тәртібіне сәйкес осы жаттығулардың арасында компьютерлік сауаттылық және қазақ, ағылшын тілін үйрету курстары өткізіледі. Қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға да мүмкіншіліктері бар. Одан бөлек, психолог маманынан кеңес алып, психологиялық тренингтерге қатыса алады. Белсенді өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында дендросаябаққа, театр және спорт кешені мен бассейнге бару кестесі түзілген.