ШЫМКЕНТ: Өткен жылы қала бюджетіне 6,5 миллиард теңге өтелмей қалған

0
1 105

​Шымкент қаласында құқық бұзушылықтан келтірілген шығынды өндірудің тиімділігі талқыланды.


ШЫМКЕНТ: Өткен жылы қала бюджетіне 6,5 миллиард теңге өтелмей қалған

Шымкент қаласының прокуратурасында құқық қорғау және мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен мемлекетке экономикалық қылмыстардан келтірілген залалды өндіру бойынша Үйлестіру кеңесінің отырсы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеңес отырысында сөз алған қала прокуроры, қатысушылардың назарын уәкілетті органдардың жұмыс тиімділігінің төмендігіне аударып, олармен өткен жылы өндіруі қажет болған 9,5 млрд теңгенің 1,8 млрд. теңгесі ғана өндірілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, мәжілісте салық төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істерді тергеу сапасының төмендеуіне байланысты, қала бюджетіне 6,5 млрд. теңге өтелмегені аталды.

Осыған байланысты, қала прокуратурасымен ұсынылған кемшіліктерді жою жөніндегі жоспар және қылмыстық жолмен алынған мүлікті анықтау бойынша іс-шаралар алгоритмі Үйлестіру кеңесінің барлық мүшелерімен қолдау тапты.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне жосықсыз кәсіпкерлерді ерте кезеңнен анықтау бойынша және т.б. бірқатар тапсырмалар берілді.

Дереккөз: Шымкент қаласының прокуратурасы