ШЫМКЕНТ: Полицейге пара бермек болған азамат ұсталды

0
1 221


ШЫМКЕНТ: Полицейге пара бермек болған азамат ұсталды

Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторына 10 мың теңге көлемінде пара бермекші болған азамат құрықталды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол әйелін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін полиция қызметкері Түркеев Нұржан Қайратұлына сыйақы бермек болған. Алайда тәртіп сақшысы өз міндеттерін адал атқарып, ұсынылған парадан бас тартқан. Шымкент қаласының тұрғыны, жұмыссыз азаматтың жұбайы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449 бабы, "қоғамдық орындарда тиісу" бойынша жауапкершілікке тартылған.


"Пара беру фактісі бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК нің 367 бабы бірінші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде ",-деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.