ШЫМКЕНТ: Полицейлер әккі ұрыны қолға түсірді

0
1 143

Шымкент қаласында бір емес, бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды.


ШЫМКЕНТ: Полицейлер әккі ұрыны қолға түсірді

Иллюстрияциалық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Шымкентте бір емес, бірнеше ұрлық қылмысына күдіктелген жігіт қамауға алынды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

1990 жылы туған Ордабасы ауданының тұрғыны бұған дейін де бірнеше рет ұрлық қылмысы бойынша заң алдында жауапкершілікке тартылған. Алайда бітімгерлік, яғни медиация тәртібімен жәбірленуші тараптармен келісімге келіп темір торға тоғытылмаған көрінеді. Қолы суық жігіт ескі әдетінен арыла қоймаған. Тағы да Шымкент қаласында үйге ұрлыққа түсті деп тәртіп сақшыларымен құрықталды. Сұғанақ қолды күдікті жеке үйлерді тонаумен айналысты деп күдіктелуде.
Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен күдікті қазір қамауға алынған.

"Күдіктіні тергеу кезінде екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берілді. Кепіл мөлшері қарастырылмайды",-деп хабарлайды Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.