Шымкент полицейлері жоғалған баланы ата-анасымен қауыштырды

0
863

Көпбалалы отбасы ұйқыдан тұрған кезде 5 жастағы бала үйінде жоқ болған.


Шымкент полицейлері жоғалған баланы ата-анасымен қауыштырды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Абай ауданы Игілік елдімекенінде 5 жасар бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 10 тамызында Абай ауданы Игілік елдімекенінде 6 баланы тәрбиелеп отырған ата-ана таңертең үйқыдан тұрған кезде 5 жасар баласының үйде жоқ екенін біліп, оны іздеуге кіріседі. Бірақ, іздеп таппағандықтан, баланың ата-анасы болған оқиға туралы полицияға хабарлап, Абай АПБ-ның қызметкерлері іздеуге шыққан. Жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырған полицейлер куәгерлерден сұрастырып, жақын маңдағы аумақтарды түгел тексерген. Нәтижесінде, 4 сағаттан кейін полиция қызметкерлері Игілік елдімекеніндегі көшелердің бірінен жоғалған баланы тауып, оны отбасына қайтарды