ШЫМКЕНТ: Полиция департаменті 13 жасар баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

0
958

Қазір қайғылы оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.


ШЫМКЕНТ: Полиция департаменті 13 жасар баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында белгісіз жағдайда көз жұмған 13 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, аталған жайт бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр екен.

«Аталған жайт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлімдеді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осының алдында Шымкент қаласы 18 шағынауданында тұратын 2006 жылы туған жасөспірім жедел жәрдем қызметі жеткенше қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.