ШЫМКЕНТ: Полиция департаментінде «Бос орындар» жәрмеңкесі өтті

0
2 448

Жәрмеңкеде жұмыс туралы барлық сұрақтарға жауап берілді.


ШЫМКЕНТ: Полиция департаментінде «Бос орындар» жәрмеңкесі өтті

иллютрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері тамыз айында өтетін конкурс қарсаңында Департамент ғимаратында Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жәрмеңке барысында полиция қызметкерлері барлық келушілерге ішкі істер органдарындағы қызмет жағдайлары туралы толық ақпарат беріп, кадр саясаты басқармасының қызметкерлері түйіндеме қабылдап, жадынамалар таратты. Сонымен қатар, Полицияға жұмысқа орналастыру мен жоғары білім алуға ниет білдірген жастарға полицейлер ҚР ІІМ оқу орындарына түсу тәртібін түсіндірді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Данияр Ундербаев жәрмеңкеге келушілерге ішкі істер органдарындағы қызмет туралы айтып беріп, аудиторияға үміткерлерге қойылатын талаптар, бос жұмыс орындар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы түсіндірді.

Айта кетейік, Ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша Шымкент қаласының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасына 97-66-96, 97-65-05, 97-67-01, 97-66-12, 97-67-59 телефондары бойынша хабарласуға болады.