Фронт-офиске келген адамдар қабылданған арыз-шағымдардың қаралуын қадағалауға мүмкіндік алады.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ғимаратында Шымкент қаласы Полиция департаментінің екінші фронт-офисінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жыл 28 тамыз күні ішкі істер органдарының ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ғимаратында Шымкент қаласы Полиция департаментінің екінші фронт-офисінің ресми ашылды. Мұнда келген халық өзіне қажетті кеңес және сұрақтарына жауап алып, өтініштері мен басқа да құжаттарының қысқа мерзімде қабылдануына, қабылданған арыз-шағымдардың қаралуын қадағалауға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ, фронт-офиске келген азаматтарға ыңғайлы болу үшін күту залы, ресепшн, кеңес беретін азаматтардың жұмыс орнында қызметкерлерге қажетті компьютерлік құрал-жабдықтар мен базалар орнатылған.
Айта кетейік, арыздардың басым бөлігі лицензиялау-рұқсат беру жүйесі, әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болғандықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге қатысты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция қызметі, әкімшілік тәжірибе инспекторлары, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді.