ШЫМКЕНТ: Полицияның фронт-офистері халықтың барлық мәселелерін қараусыз қалдырмайды

0
994

Тәртіп сақшылары тұрғындарды қызықтыратын барлық мәселелері бойынша кеңесін айтады.


ШЫМКЕНТ: Полицияның фронт-офистері халықтың барлық мәселелерін қараусыз қалдырмайды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің фронт-офистері халыққа қызмет көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдығы болып табылатынын атап өткен.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта Шымкент қаласы ПД-нің аудандық Полиция басқармаларында қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін және қажетті ұйымдастыру техникасы және жиһазбен толық жабдықталған фронт-офистері халыққа қызмет көрсетуде.

Ол жерде полиция қызметкерлері келушілерді жылы жүзбен қарсы алып, тұрғындарды қызықтыратын барлық мәселелері бойынша кеңесін айтады және қысқа мерзімде өтініштерін қарап береді.

Осындай қағидаттық тәсілдің негізгі мақсаты – мәселелерді жедел, ашық, қолжетімді шешу және тұрғындармен өзара тиімді байланыс жасау болып есептеледі.