Шымкент прократурасы "Абай оқулары" байқауын өткізді

0
1 782

Абай мұрасын бойына сіңірген қызметкерлер қаржылай сыйлықпен марапатталды.


Шымкент прократурасы

Шымкент қаласының прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойы аясында «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Атап айтсақ, 22 прокуратура қызметкерлері қатысқан байқауды қала прокуроры Мақсат Қожабаев ашып, бірінші рет өткізіліп отырған сайыстың мақсатын, Абай мұраларын кеңінен дәріптеу арқылы жастардың бойында елжандылық қасиет қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Содан кейін, сайыстың алғашқы айналымда прокурорлар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, екінші кезеңде Абай әндерін шырқаса, соңғы бөлімде «Абай жолы» романынан көрініс көрсетті. Ал, әділ қазылар алқасы өз кезегінде кеңесе келе, жүлдеге лайық деп тапқан қатысушыларға марапаттарын табыстады.

Нәтижесінде, бас жүлдені өзге қарсыластарынан озық өнер көрсеткен Бахыт Нарғозиев еншілесе, І орынды Дулат Аширбеков иеленді. Ал, ІІ орынға Абай ауданы прокуратурасының қызметкерлері Есмаханова Айнұр, Досалиева Айдана лайық деп танылып, ІІІ орынды Исқақова Динара мен Абдіқадіров Серік жеңіп алды және барлық жүлдегерлер қала прокуроры тағайындаған қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, өзге қатысушыларға арнайы ынталандыру Алғыс хаттары мен Абайдың қара сөздері жинағы табысталды.