иллюстрациялық фото
Шымкент қаласында карантин мерзімі 8 маусымға дейін созылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың ҚАУЛЫСЫ шықты.
"2020 жылғы 25 мамыр сағат 07.00-ден 8 маусым сағат 00.00-ге дейін Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.
- Тұрғындарға карантин аяқталғанға дейін 2 метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, сондай-ақ қоғамдық көліктерде, қоғамдық орындарға, рұқсат етілген жерлерге барғанда масқа тағу міндеттеледі және антисептик пен қолғаптарды киіп жүру талаптары қатаң сақталсын.
- Отбасылық, еске алу шараларының өткізілуіне, мерекелерді ұйымдастыруға тыйым салынсын.
- Шымкент қаласы аумағындағы сауда, қаржы салалары, қызмет көрсету орындарының жұмыс уақыты 10.00-ден шектелсін.
Меншік нысанына қарамастан қаланың мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады " - делінген хабарламада.