ШЫМКЕНТ: Шетел жұмыс күшін қалыптастыру жұмыстары жөнінде кездесу өтті

0
438

Шымкент қаласына биылғы жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 322 бірлік квота бөлінді.


ШЫМКЕНТ: Шетел жұмыс күшін қалыптастыру жұмыстары жөнінде кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылға шетел жұмыс күшін қалыптастыру жұмыстары жөнінде кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараға шетел жұмыс күшіне сұраныс танытқан жұмыс берушілер мен басқарма тарапынан комиссия мүшелері келер жылға квота белгілеу мақсатында жұмыс берушілердің сұранысын қарады.
Кездесуге басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова қатысып, шет ел жұмыс күшін тартудың тиімділіктерін атап өтті.
- Шетелдіктерге ел аумағында жұмыс істеуге рұқсат беру және жұмыс істеу мерзімін ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің 4 түрлі санаты белгіленген. Біріншісі – басшылар және олардың орынбасарлары, келесісіне құрылымдық бөлімшелердің басшылары, одан кейінгі санатқа мамандар жатса, соңғысы – білікті жұмысшылар. Осыған орай, қаламызда жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде 2022 жылға 41 шетел жұмыс күшін тартатын мекеме 914 шетел жұмыс күшіне сұраныс жасалып, сұраныс жасаған мекемеге келер жылы 501 квота қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, - деді басқарма басшысы.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысына сәйкес жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөніндегі өтінімдер ұсынады. Ұсынылған өтінімдердің негізінде шетелдік жұмыс күшіне квота қалыптастырылды.
Айта кетсек, Шымкент қаласына биылғы жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 322 (1 санат - 9 адам, 2 санат - 32 адам, 3 санат - 270 адам, 4 санат - 11 адам) бірлік квота бөлінді.
Бүгінде бөлінген квота негізінде 31 шетел жұмыс күшін тартқан кәсіпорындар мен ұйымдарда 237 шетел азаматтарының рұқсаты қолданыста, осы мекемелерде 12409 ҚР азаматтары жұмыс жасауда. Қазақстандық қамту бойынша 98,1 пайыз. Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі 96,2 пайыз. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 81,9 млн теңге алым жергілікті бюджетке түсті.