ШЫМКЕНТ: Шығыс шақырады

0
1 243

Шығыс Қазақстан облысында мұғалім, дәрігер, орманшы, электрик, агроном, мелекеттік қызметшілер тапшы.


ШЫМКЕНТ: Шығыс шақырады

Шымкентке Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданынан мамандар келіп, түстік жұртын шығысқа көшуге үгіт-насихат жасап жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін осы мақсатта шығыстан келген қонақтар Шымкент қаласы, Әл Фараби ауданы әкімдігінің ғимаратына ұстаздар мен оқушыларды жинап кездесу өткізді. Жиын барысында шығысқазақстандықтар, Алтай ауданында адам саны аз, ал бос жұмыс орындарының көп екенін айтты. Әсіресе, мұғалім, дәрігер, орманшы, электрик, агроном, мелекеттік қызметшілер тапшы көрінеді.

"Бізге көшіп келген отбасының әр мүшесіне 88 мың және 800 мың пәтер ақысы беріледі. Бұдан бөлек, жастар жағы "Серпін" бағдарламасы бойынша Өскемендегі униыверситет, колледждерде тегін оқи алады. СОндай-ақ, степендия төленіп, жатақхана беріледі. Қазір осы оңтүстіктен келген балалар саны 300-400 ден асады. Серпін бағдарламасы арқылы жоғарғы оқу орнынан диплом алғаннан кейін, осы қоныс бағдарламасына қатысуға болады. бірақ, бұл ақша төленер болса, сіздермен 3 жылға келісім шарт жасалады. жәрдемақыны алып кетіп қалу болмайды. Келісім бойынша 3 жыл жұмыс істеу қажет", - дейді Средигорный ауылының әкімі Қайратбек Шыңғыскенов.