фото: көрнекілік үшін ашық дереккөзден
«Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы» аясында жалпы құны 17,6 млн АҚШ долларына келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылды.
Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы «2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы» баспасөз конференциясында егжей-тегжейлі айтып берді.
Форум және екіжақты кездесулер нәтижесінде жалпы құны 17,6 млн АҚШ долларына келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда:
Еске салсақ, «Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы» аясында қытайлық жергілікті 30-дан астам және қазақстандық 20-дан астам кәсіпкерлер арасында денсаулық сақтау, IT, металлургия, қоғамдық тамақтану, білім, ауыл шаруашылығы, электр жабдықтарының және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салаларда В2В кездесулер өткізілген болатын.