Шымкент қаласындағы жаңадан ашылған саябақта ретсіз саудаға қарсы жұмыстар жүруде.
Ретсіз сауданы жою мақсатында Абай ауданы әкімдігі мен тәртіп сақшылары тарапынан жақында ашылған “Шымкент сити” саябағында күнделікті рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінге дейін ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орында ретсіз сауда жасағаны үшін 25 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 30-на айыппұл салынды.
Әрбір тұрғын қаланың көркейіп, гүлденуіне бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарын тек арнайы орынға тастаса ғана тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлес қоса алады.