ШЫМКЕНТ: Су көліктерінің қауіпсіздік мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес басталды

0
1 111

Шымкентте Көлік Комитеті және оның ел аумағындағы су көліктеріне бақылауды жүзеге асыратын барлық органдарының қызметкерлері 22-ші семинар-кеңесті бастады.


ШЫМКЕНТ: Су көліктерінің қауіпсіздік мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес басталды

Шымкент қаласында су көліктеріндегі қауіпсіздік мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өткізіліп жатыр - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Көлік Комитеті және оның ел аумағындағы су көліктеріне бақылауды жүзеге асыратын барлық органдарының қызметкерлері 22-ші семинар-кеңесті бастады.
Басқосуда су көліктеріндегі апатты жағдайлардың биыл өткен жылмен салыстырғанда азайғандығы айтылды. Нақтырақ айтқанда, былтыр 10 апатты жағдай орын алған болса, биыл бұл көрсеткіш 8. Дегенмен де суға батып кеткендер кемімей тұр. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тілсіз жау тырнағына іліккендер саны үшеуге артқан. Орны толмас өкінішті жағдайларға техникалық емес, адами фактордың басты себеп екендігін тілге тиек етті семинарға қатысушылар. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Алматы Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының су көліктеріне қадағалау жүргізетін қызметкерлері кезек-кезегімен семинарда баяндама жасады.
Республикалық семинар-кеңес ертең де жалғасады. Қатысушылар Түркістан облысындағы Көлкент көліне барады деп жоспарланып отыр. Аталған су көзіндегі шағын өлшемді кемелерді қолданыстағы Заңға сәйкес пайдаланылуын бақылап қайтады. Содан кейін ғана 22-ші республикалық семинар кеңес өз жұмысын қорытындылайтын болады.