Шымкент: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0
512


Шымкент: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымы бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Департамент басшысы лауазымына Қанат Турсымбайұлы Сулейменов тағайындалды. Осы мақсатта қалаға Агенттік төрағасының орынбасары Мақсат Жебегенов арнайы келді.

Жаңа басшы қала активі мен қызметкерлеріне таныстырылды.

“Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне үнемі айрықша назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту бойынша міндеттер жүктейді.
Бұл саладағы реформаларды тиісті деңгейде жүзеге асыруымыз қажет.
Сондықтан, қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар, құқық қорғау органдары, аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сіздерді бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне аса ден қойып, атсалысуға шақырамын” - деді қала әкімі Ғ.Сыздықбеков.