ШЫМКЕНТ: Табысы аз азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

0
793

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.


ШЫМКЕНТ: Табысы аз азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

Шымкент қаласында табысы аз азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Шағдат Әсетұлы брифинг барысында айтты.

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Бұл бойынша төмендегі бағыттарға сәйкес жұмыстар жүргізіледі:
- аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлем;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, тұрақты жұмыс орындарына жолдау жұмыстары және жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында грант беру.
Сондай-ақ, өтініш берушілер атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы. Электрондық өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде АӘК тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылданады. Хабарламалар өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" автоматты түрде жіберіледі.
Айта кетейік, 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырушы азаматтар мен жеке кәсіпкерлер тарапынан жалған құжат пен анықтамалар әзірлеудің 95 фактісі анықталып, құзырлы органдарға жолданды. Бүгінгі таңда зерделеу жұмыстары жалғасуда.