ШЫМКЕНТ: Тассай көшелеріне тас төселді

0
428

Көшелерге алдағы 10 күн ішінде шағал тас төселеді.


ШЫМКЕНТ: Тассай көшелеріне тас төселді

Шымкент қаласындағы Тассай тұрғын алабының топырақ жолдарына алдын ала белгіленген жоспар бойынша, кезегімен шағал тас төсеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазір аталған тұрғын алапта кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыстың 35 пайызы аяқталып, нысан 2022 жылға өтпелі.
Жоба жоспары бойынша осы жылы құрылыстың 35% орындау қаралса, 65 пайызы келер жылға көзделген.
Қазір «Сарыағаш Аман» мердігер мекемесі кәріз жүйесі тартылған көшелерге тас төсеу жұмысын атқаруда.
Бүгінге дейін Тассайда қазылған 76 көшенің 38-іне тас төселсе, қалған көшелер жұмысы басталды. Көшелерге алдағы 10 күн ішінде шағал тас төселеді.