ШЫМКЕНТ: Тәуелсіздік мерекесіне орай қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды

0
660

Әкімдік қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.


ШЫМКЕНТ: Тәуелсіздік мерекесіне орай қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Қаратау ауданының әкімі Абзал Шымкентбайұлы мен «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов әкімдік қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Егемен еліміз 16 желтоқсан күні салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – «Тәуелсіздік күнін» атап өтеді. Алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілген Атамекеніміздің осындай биіктіктерді бағындыруына оның барша азаматтары сүбелі үлес қосты деп білемін, - деді аудан әкімі өз сөзінде.