ШЫМКЕНТ: Төтенше жағдай кезінде қылмыс саны азайды

0
773

Бұзақылықтардың орын алуы 78% төмендеген.


ШЫМКЕНТ: Төтенше жағдай кезінде қылмыс саны азайды

Шымкент қаласында осы жылдың 15-ші наурызы мен 31-ші наурыз аралығында өткен жылмен салыстырғанда қылмыстылық 23%-ға төмендеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы жариялады.

Жеке меншікке қарсы қылмыстардың барлық түрлері төменгені байқалады.

Атап айтқанда, жалпы ұрлық 43, оның ішінде пәтер ұрлығы 57, ұялы телефон ұрлығы 41, тонау 50, қорқытып алу 80%-ға азайды.

Бұзақылықтардың орын алуы 78% төмендеп, сәйкесінше қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыстар да азайған.

Бұл қылмыстардың көпшілігі ізі суытылмай ашылуда.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғалары мен оның салдарынан жарақат алғандардың саныда 10%-ға төмендеген.

Осы статистикалық көрсеткіштер профильді қызметтердің төтенше жағдай кезінде қылмыстылықпен күресудегі атқарып жатқан оңды жұмыстарының нәтижесі екендігін атап өту қажет.

Қаламыздағы қылмыстылық жағдайын хабарлай отыра, қала прокуратурасы барлық тұрғындарды короновируспен күресу барысында уәкілетті және мемлекеттік органдардың талаптарын қатаң сақтап, төтенше жағдай біткенше оқшаулануға шақырады.