ШЫМКЕНТ: Цифрлық даму министрлігіне қарасты мекемелер экочэлленджді қолдады

0
1 460

Қызметкерлер туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосты.


ШЫМКЕНТ: Цифрлық даму министрлігіне қарасты мекемелер экочэлленджді қолдады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының, Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, АО «Қазтелерадио», РМҚК «Шымкентгеодезия» филиалы, РМК «Мемлекеттік радиожиілік қызметі қызметкерлері қатысты.

Жалпы республикалық деңгейде өтіп жатқан акция қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Данабек Исабековтың айтуынша, маңызды экологиялық шараны мемлекеттік корпорацияның барлық аймақтағы филиалдары мен ҚР ЦДИАӨ министрлігіне қарасты мекемелер қолдады.

«Бүгін біз әріптестерімізбен Х. Дулати көшесінің аймағын тазартудамыз. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып жатыр. Ғасырлар бойы ыдырамайтын пластик сияқты қоқысты жинау – өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық акциясын қолдауға ғана емес, айналаны таза ұстап қалдықтарды тастамауға шақырамын», – деп қосып өтті директор.

Айта кетейік, Х. Дулати көшесінің аймағын жинауға 500 жуық қызметкер жұмылдырылды. Олар бірлесіп, 32 мың м2 жерді тазартып, қоқыс шығарды.