ШЫМКЕНТ: Тұран ауданы мен IKOMEK орталығының өзекті мәселелері талқыланды

0
316

21 елдімекеннен тұратын аудан халқының саны бүгінде 220 700 адамға жетті.


ШЫМКЕНТ: Тұран ауданы мен IKOMEK орталығының өзекті мәселелері талқыланды
ERNUR.KZ. Бүгін қала әкімінің аппараттық мәжілісінде Тұран ауданының өзекті мәселелері, биылғы даму жоспарлары мен iKomek орталығының қызметі қаралды.

21 елдімекеннен тұратын аудан халқының саны бүгінде 220 700 адамға жетті. Табиғи газбен 18, электр жарығымен 20, кәріз жүйесімен 12, ауыз сумен 19 шағынаудан толық қамтылған. «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын биыл 90 %-ға, 2025 жылы 100%-ға жеткізу жоспарлануда.

Алайда, аудан аумағында абаттандырумен қатар тазалыққа қатысты өзекті мәселелер бар. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аудан әкіміне елдімекен белсенділерімен тығыз жұмыс жүргізіп, проблемаларды шұғыл шешуді тапсырды.

Аппарат жиынында iKomek орталығының жұмысы қорытындыланып, қызметті жақсарту бағытындағы ұсыныстар пысықталды. Қала әкімі сала басшыларына азаматтардың арыз-шағымдарымен жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.