41 көшеде ирригациялық арықтар салу жоспарланған.
Шымкенттегі Тұран ауданында 20,3 шақырымды құрайтын 33 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл аталған ауданда жалпы ұзындығы 24 шақырымнан тұратын 41 көшеде ирригациялық арықтар салу жоспарланған.
Атап айтқанда:
– Ақжар ш/а – 8 көше (7 құрылыс бітті, 1 құрылысы жүруде);
– 112 орам – 6 көше (4 құрылысы бітті, 2 құрылысы жүруде);
– Түркістан ш/а – 4 көше (2 құрылысы бітті, 2 құрылысы жүруде);
– Орталық аумақ – 3 көше (2 құрылысы бітті, 1 құрылысы жүруде);
– Құрсай ш/а – 2 көше (1 құрылысы бітті, 1 құрылысы жүруде);
– № 4 ш/а – 1 көше (құрылысы бітті);
– Спорт ш/а – 1 көше (құрылысы жүруде).
Қазіргі уақытта қалған 8 көшенің құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін толық аяқталады.