Тұран елдімекенінің тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құрылыстың 2-кезеңі былтыр басталып, биыл толығымен аяқталды.
Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Тұран елдімекенінің тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құрылыстың 2-кезеңі былтыр басталып, биыл толығымен аяқталды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу үшін абоненттеу жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құрылыс кезінде 86,5 шақырым электр желісі тартылып, 21 электр трансформаторы мен 3 078 электр бағаналары орнатылды.
Тұрандықтар бұған дейін электр қуатын тұтыну барысында 25-30 теңге аралығында төлем жасаса, бұдан былай тариф құны 17,9 теңгеге түседі.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Солтүстік саяжай елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылады. Нәтижесінде 22 мыңға жуық халық сапалы электр энергиясын тұтынуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98%-ға жетеді.