Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын алатын азаматтардан өтініш пен құжаттар қабылданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жылдың қараша айының 21 жұлдызынан бастап (сағат 9-00 ден сағат 13-00 дейін) «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алу үшін бастапқы нарықтан тұрғын үй алатын және төлем қабілеттілігін растаған азаматтардан өтініш пен құжаттар қабылданады.
Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
1. нысан бойынша өтініш;
2. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
3. соңғы 6 (алты) ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
4. жұмыс орнынан анықтама (кезектегілерді қоспағанда);
5. қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хаты.
Өтініштер мен құжаттардың қабылданатын мекен-жайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы, №12а, 1-қабат.