ШЫМКЕНТ: Тұрғын үйдің жалдау ақысын Kaspi.kz арқылы төлеуге болады

0
696

Жалдамалы баспананың ай сайынғы төлем ақысы казпочта немесе екінші деңгейлі банктер арқылы төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.


ШЫМКЕНТ: Тұрғын үйдің жалдау ақысын Kaspi.kz арқылы төлеуге болады
Шымкент қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтар жалдау ақысын Kaspi.kz арқылы төлей алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Дәл осылай жалдамалы баспананың ай сайынғы төлем ақысын сіз үйден шықпай ақ Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлей аласыз. Бұдан бөлек жалдамалы баспананың ай сайынғы төлем ақысы казпочта немесе екінші деңгейлі банктер арқылы төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.
Kaspi.kz қосымшасына кіру арқылы мемлекеттік қызметтер бөліміндегі "Салықтар" оның ішінде "Жеке тұлғалар үшін деректемелер бойынша "салықты" таңдау арқылы тұрғылықты қалаңызды, төлем түрін БЖБ (КБК) 201507, тұрғылықты мекен жайыңызды, төленетін айлық кезеңді, аты жөніңізді, және төленетін соманы енгізіп көрсетілген қатарларды толтыра отырып соңында «Төлеу» батырмасын басу қажет.