Шымкент тұрғынынан 15 мың доллар талап еткендер ұсталды

0
2 943

Төрт ер адам Шымкент тұрғынынан 15 мың долларын ұрлап әкеткен.


Шымкент тұрғынынан 15 мың доллар талап еткендер ұсталды

Фото: zhambylnews.kz

ERNUR.KZ. Төрт ер адам Шымкент тұрғынынан 15 мың долларын ұрлап әкеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

2017 жылдың 27 желтоқсаны күні Шымкент қаласы ІІБ Қаратау ПБ-не орта жастағы жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз төрт азаматтың өзіне күш қолданып, қорқытып 15 мың АҚШ долларын талап еткенін хабарлаған.

Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мәліметінше аталған жайт Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің «қорқытып алу» бабымен тіркелген.

Бұл дерек бойынша Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Шымкент қаласының 30-40 жас аралығындағы төрт тұрғыны анықталып, ұсталды.

Тергеп-тексеру жұмыстары барысында, күдіктілердің оңай жолмен ақша табуды көздегені анықталды. Осы мақсатта олар жәбірленушіні қала сыртына алып барып, ұрып-соққан, 15 мың АҚШ долларын талап етіп, оны бір күннің ішінде жеткізуін бұйырған. Тергеу кезінде күдіктілер жасаған қылмысын толық мойындады.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.