ШЫМКЕНТ: Түрлі сала мамандары қала тұрғындарына апта сайын тегін кеңес береді

0
1 341

Шымкентте алғаш рет «Маманнан кеңес» акциясы бастау алды.


ШЫМКЕНТ: Түрлі сала мамандары қала тұрғындарына апта сайын тегін кеңес береді

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Маманнан кеңес» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халыққа тегін заң көмегін көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған акция Шымкент қаласында алғаш рет өтіп, Халыққа қызмет көрсету орталығында өтті. Мұнда адамдар өздерін қызықтырған сұрақтарға түрлі сала мамандарынан жауап ала алады.


Атап айтқанда, прокуратура, әділет, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік кірістер, полиция және денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй, жастар, кәсіпкерлер палатасы, сонымен қатар сот орындаушылар өкілдері мен кәсіби адвокаттар қала тұрғындарына кеңес береді.

Айта кетейік, осы тұрғыдағы іс-шараларды апта сайын өткізу жоспарлануда.