ШЫМКЕНТ: Ұлттық біріңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді

0
627

ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында онлайн түрде жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: Ұлттық біріңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді

Шымкентте Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының білім басқармасы жалпы орта білім беруді және тәрбие жұмыстарын дамыту, қосымша білім беру бөлімінің басшысы Гүлнара Дәрібаева биылғы өзгерістерге тоқталып, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жұмыстарының барысын баяндады.
ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында онлайн түрде жүргізілуде. 2021-2022 оқу жылында қалада 11 189 оқушы 11-сыныпты бітіреді. Оның ішінде, 7 621 оқушы - қазақ тілінде, 2089 оқушы - орыс тілінде, 1479 оқушы - өзбек тілінде білім алады. ҰБТ тапсыруға ниет білдіргендер саны - 7973.
- Жалпы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін тестілеуге 8 мыңға жуық талапкер қатысады деп күтілуде. Талапкерлер үшін жақсы жаңалық - биыл ҰБТ-ны 2 рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Соның ішінде ең жоғары ұпайы арқылы оқуға түсуші мемлекеттік грант тағайындау конкурсына қатыса алады. Бұл ретте бейінді пәндер ауыспауы керек және екі мүмкіндікте де заң талаптарын бұзбауы тиіс. Жалпы тестілеу "1 тестіленуші - 1 компьютер - 2 камера" қағидасы бойынша компьютерлермен жабдықталған U-STUDY аймақтық тестілеу орталықтарында өтеді. Ал тестілеуді өткізу форматында өзгеріс жоқ, - деді Гүлнара Тұрдыбайқызы.
ҰБТ ағымдағы жылы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Шымкент қаласындағы барлық 3 "U-STUDY" аймақтық тестілеу орталығында санитарлық талаптар сақталған.