ШЫМКЕНТ: ​ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҚТЫҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ

0
835

Жолайрықтың екінші деңгейінде тұрғындарға арналған арнайы гүлзар салынды.


ШЫМКЕНТ: ​ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҚТЫҢ  БАРЛЫҚ БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ

ERNUR.KZ. Шымкентте Бәйдібек би–Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы 3 деңгейлі жолайрықтың құрылысы аяқталып, бүгінде барлық бағытта көлік қозғалысы ашылған.

Сонымен қатар, жол таңбалары сызылып, жаяу жүргіншілер өткелдері жасалды. Жолайрықтың екінші деңгейінде тұрғындарға арналған арнайы гүлзар салынды.
Шымкент қаласы автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілді.
Бұл жолайрық – мегаполисте кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасауда маңызды жоба. Жоспарға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде – Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде – Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасты.