ШЫМКЕНТ: Зейнеткер қала әкімінен газ бағасын қайта қарауды сұрады

0
1 528

Шымкенттік зейнеткер Төрехан Бабаев, қала тұрғындары үшін газ бағасы шамамен 25-26 теңге болуы тиіс екенін айтады.


ШЫМКЕНТ: Зейнеткер қала әкімінен газ бағасын қайта қарауды сұрады

Шымкент қаласының тұрғыны, зейнеткер Төрехан Бабаев көгілдір отын бағасына қатысты өзіндік зерттеу жүргізіп, 2019 жылы қаладағы газ бағасы мардымсыз төмендегенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қария бұл жөнінде "Түркістан" сарайында өткен Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жылдық есебінде айтты.

«Алматылықтардың жер асты, жер үсті құбырларының ұзындығы 4999 км екен, ал біздің облыстың құбырларының ұзындығы 4200 километр екен. Енді Алматыға жеткізілетін көгілдір отынының 1,221 миллиард куб. Ал, біздің облысқа жеткізілетін көгілдір отынның көлемі 760 миллион куб. Енді осыған жұмсалған шығын көлемі Алматыда 4 миллиард 300 миллионды құраса, біздің өңір 5 миллиард 400 миллион теңге екен. Байқсаңыздар, 760 миллион кубқа 5 миллиард 400 миллион шығын жасалса, ал Алматы 1 миллиард 221 миллион кубқа 4 миллиард 300 миллион шығын жасап отыр. Осыған қарамастан Алматы газды жеткізу бағасын 3523 теңгеге бекітсе, ал біздің жақ 8995 теңгеге бекітеді. Яғни, екі жарым есе қымбат болып отыр. Ал, біздегі жеткізу объемы Алматыныкіне қарағанда қайда төмен. Жаңа есебіңіздегі көрген диаграммада 2019 жылы 34 теңгеден 32 теңгеге түсті деп көрсеттіңіздер. Бұл енді мардымсыз, егер мүмкіндік болса осы цифрларды мамандармен қайта зерттесеңіздер. Ары кетсе газ бағасы 25-26 теңгеден аспау керек",- дейді ол.

Десе де, зейнеткердің бұл сауалына қала басшысы мардымды жауап бере алмады.

"Осында Н.Ергешбек менің орынбасарым отыр. Осы ұсынысты біз зерттейміз. Көгілдір отынын бізге «КазТансГаз» АҚ мекемесі береді солармен сөйлесейік, Алматымен салыстырайық, неге олай, бір түсіндірмесі бар шығар, соны қарайық", - деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.