ШЫМКЕНТ: Жалпы өңірлік өнім көлемі 1,7 триллион теңгені құраған

0
2 152

Шымкент қаласында жалпы өңірлік өнім көлемі 1,7 триллион теңгеге жеткен. Десе де, бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден төмен.


ШЫМКЕНТ: Жалпы өңірлік өнім көлемі 1,7 триллион теңгені құраған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының аймақтық жалпы ішкі өнімі 1,7 триллион теңгені құраған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде бүгін Шымкентте өткен "Керуендер қайта оралуда" деген ұранмен Silkway Shymkent Summit ауқымды инвестициялық-кәсіпкерлік форумында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді.

"Бұны жан басына шаққанда шамамен 5 мың долларға жуықтайды. Әрине бұл еліміздегі орта көрсеткіштен төмен. Бірақ, Орталық Азиядағы көптеген қалалармен салыстырғанда жоғары", - дейді қала әкімі.